«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Демалыс күндері елімізде жауын-шашын болады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 26–28 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды turkystan.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайға циклон әсер етеді. Соған байланысты күн бұлтты, кей жерлерде ашық болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі», – делінген хабарламада.

Еліміз бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды. Шығыс пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталып, 42 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР АЗИЯ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН КҮТІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

Қысқы Универсиада: Қазақстандық спортшылар 10 спорт түрінен бақ сынайды

admin_mugalzhar

Тоқаев: Конституцияға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін

admin_mugalzhar