«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтуде

Таңертеңнен бастап Ақтөбеде ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталған бульварда «Абай күні» әдеби фестивалі өтті.
Мерекелік іс-шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімінен басталды. Ойшылдың рухына тағзым етуге облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет, қоғам өкілдері, ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері, студенттер және қала тұрғындары келді.

«Абай – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы. Оның философиясы, өлеңдері мен прозасы бізді адал, әділ болуға, білімге ұмтылуға және бірлікте өмір сүруге үйретеді. Бүгін ұлы ойшылдың 180 жылдығын атап өтіп, біз оның өлмес идеяларына құрмет көрсетеміз. Ақтөбе облысында біз Абай шығармашылығын насихаттауды және оның жастарға аманаттаған құндылықтарын дәріптеуді жалғастырамыз. Оның мұрасы бізді алдағы уақытта да жасампаздыққа және ауызбіршілікке жетелей берсін»,

Асхат Шахаровтың құттықтау сөзінен кейін көрермендер ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қызықты саяхат жасады. Алғаш болып сахнада «Абайдың дүниеге келуі» атты әсерлі монолог-қойылым қойылды.

Одан кейін «Алақай» қуыршақ театры «Абайдың балалық шағы» спектаклін көрермен назарына ұсынды, ал музыкалық үзілістерде ақынның сүйікті шығармалары – «Сегіз аяқ» және «Желсіз түнде жарық ай» орындалды.

Ұқсас ақпараттар

791 ҚҰМЖАРҒАНДЫҚ ДАУЫС БЕРЕДІ

admin_mugalzhar

ҚОЛ ЖЕТІМДІ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛ ЖЕТТІ МЕ?…

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар былтыр онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсаған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.