«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Астана қаласында «Жас ұстаз – табысқа апарар жол» республикалық форумы өтті. Ауыл мектептерінің жас педагогтары бас қосқан форумға Ақтөбе облысының атынан Мұғалжар ауданының 7 жас ұстазы қатысты.

Педагогикалық шеберлік қолдау ұйымы ұйымдастырған бұл іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар қатысып тәжірибе алмасты.

Бұл форумда Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әділбек Батырбек форум аясында шеберлік сабағын өткізіп, өзінің әдістемелік тәжірибесі мен шығармашылық ізденісін әріптестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, өзге де мұғалжарлық жас ұстаздар белсенділік танытып, Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл кездесу жас ұстаздарға шабыт беріп, кәсіби дамуына серпін болды.

Ұқсас ақпараттар

СЛЕСАРЬ ПО ПРИЗВАНИЮ

admin_mugalzhar

Учаскелік полиция көмекшісі деген жаңа лауазым пайда болады

admin_mugalzhar

Асхат Шахаров Жағабұлақ пен Бірлік ауылдарында зақым келген үйлерді аралады

admin_mugalzhar