«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Учаскелік полиция көмекшісі деген жаңа лауазым пайда болады

Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Министрдің айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде учаскелік полицияның маңызы зор. Осы орайда мемлекет басшысы учаскелік полицияның мәртебесін арттыру жөніндегі тапсырма берді.

Учаскелік полиция қызметкерлерінің құзыреттілігін кеңейту үшін заңға өзгерістер енгізілуде. Қазір ауылдарда учаскелік полиция қызметкерлері жетіспейді. Кей жерлерде  үш-төрт ауылға бір қызметкерден келеді. Осыған байланысты ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу көзделіп отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірге учаскелік полиция пункттерін салу жоспарланған. Ауылдық жерде учаскелік полиция пунктінің жанына қызметкерге арналған баспана да салынатын болады. Жалпы учаскелік полиция қызметкерінің құзыреттілігін кеңейтуге ғана емес, материалдық жағдайын жасауға да назар аударылады,- деді ол.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде билік партиясы жанынан әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

admin_mugalzhar

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: 15 ЖЫЛДА 403 МАМАН ЖҰМЫСҚА ТҰРДЫ

admin_mugalzhar

СИДИ ДОМА — НЕ ГУЛЯЙ!

admin_mugalzhar