«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Дипломмен ауылға»: 23 маманға жәрдемақы берілді

Осы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 23 маман жұмысқа орналасқан. Бұл туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мамандары хабарлады.

Ауылда жұмыс жасауға ниет білдірген мамандарға 2025 жылға жергілікті бюджеттен көлемі 14071,0 мың теңге бөлініп, 23 маманның өтініші негізінде көтерме жәрдемақы аударылған.
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаров аталған бағдарлама арқылы ауданның білім саласына 19 маман, денсаулық сақтау саласына 2 маман, мемлекеттік қызметке 1 маман, ветеринария саласына 1 маман жолданғанын жеткізді.
Ауылға барып жұмыс жасап жатқан мамандарға тұрғын үй сатып алуға екі мың айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 7 864 000 теңге және жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы беріледі. Оның жалпы көлемі — 393 200 теңге. 2025 жылы қаржылық жоспарға сәйкес тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие барлығы республикалық бюджеттен 23592,0 мың теңге бөлінді. Жоспарланған қаржының кеш түсуіне байланысты қаржыны алдағы айларда игеруді жоспарлап отырмыз, — деді Ғайният Асқаров.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ЗАҢГЕР: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАРДАП ШЕКПЕЙДІ

admin_mugalzhar

ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

admin_mugalzhar

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛДЫ

admin_mugalzhar