«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, «ЕСКІДЕН СОҚҚАН ЖАҢА ЛЕП» АТТЫ БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Кездесу барысында үш буын, яғни аға буын, орта буын және жас буын өкілдері қатысып, пікіралмасты. Дөңгелек үстелде азат елдің 30 жылдығының өрлеу кезеңі туралы баяндайтын құнды деректі фильмдер көпшіліктің  назарына  ұсынылды. Атап айтқанда: «Қазақстан жолы», «Өзге ұлттар», «Астана тарихы», «Қазақстан және Еуразиялық ықпалдастық», «Сенім, салт-дәстүр, төзімділік», «Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті», «Қазақстан спорты» «Тарихи фильмдер» және тағы да басқа бейнемәліметтер көрсетілді. Шара барысында сөз алған Құрал Байсұлтанов, Шәмшат Әбдірзақов екі ғасырды көрген аға буын өкілдері ретінде жастарға терең тарихты баян етті. Ескіден қалған әндер шырқалып, тарихқа шолу ретінде ұйымдастырылған сұрақ-жауаптар қойылған шараның соңында ауданның белсенді жастарының ұйымдастыруымен, «Мұғалжар» газетінің №7 санына жарияланған Айгүл Қалдығаринаның еміне аудан тұрғындарының демеушілігімен жиналған 55 мың теңге табысталды. Кездесу аясында келелі әңгімелер тыңдалып, ұсыныстар қаралды.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

«Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдік тағылымдамаларға құжаттар қабылдау басталды

admin_mugalzhar

ПОДАРИ НАДЕЖДУ НА ЖИЗНЬ

admin_mugalzhar

Қазақстанда 1 тамыздан бастап 30 мыңға жуық адамнан пневмония анықталған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.