«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ЛАГЕРЬГЕ ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Жаз — балалар үшін жай ғана тынығу кезеңі емес, жеке тұлға ретінде дамуға, жаңа ортада бейімделуге және есте қаларлықтай сәттерге толы уақыт.

Мұғалжар ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мекемесінің демеушілігімен мұғалжарлық 20 оқушыға Ақтөбе қаласындағы «Мұнайшылар» лагеріне тегін жолдама берілді. Жолдаманы Мұғалжар және Ембі аудандық ауруханалары арқылы Қандыағаш, Ембі, Жем қалалық, Батпақкөл, Еңбек, Құмсай, Құмжарған және Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтерінің оқушылары алды.

Ауданда оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отыр. Мақсат — балалардың жазғы уақытын тиімді, қауіпсіз және мазмұнды өткізу.

Ал Мұғалжар аудандық білім бөлімі арқылы жалпы жазғы маусымда 2300-ден астам оқушы түрлі іс-шаралармен, лагерлік және танымдық бағдарламалармен қамтылды.

Ұқсас ақпараттар

УКРАДЕННОЕ ВЕРНУЛИ ВЛАДЕЛЬЦУ

admin_mugalzhar

Қазақстан экономикасы жай өсу сатысынан сапалы даму рельсіне ауысты

admin_mugalzhar

АУЫЛ ЖОЛДАРЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

admin_mugalzhar