«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылды

Еліміздегі алғашқы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Ақтөбе облысында ашылды.

Басқарма балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, өтініштерге жедел жауап береді, отбасыларға көмек көрсетеді, өңірдегі тиісті қызметтерді үйлестіреді.

«Біз әр баланың сенімді қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе құрып жатырмыз. Бұл мәселелерді жедел шешуге және балаларға жергілікті деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді»,– деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Басқармада бір маман 5 мың балаға қызмет көрсетеді. Қызметкерлер саны биыл 303-тен 896-ға өсті. Оқыту курстары өткізіліп, бірыңғай стандарттар енгізілуде.

Жоба Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге барлық өңірде кезең-кезеңмен іске асады.

📺@qazaqstantv

Ұқсас ақпараттар

РЕДАКЦИЯ — ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.