«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Жем қалалық кітапханасының «Coworking» орталығында Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі сазгер, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Қазақ вальсінің королі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
-Кештің мақсаты – қазақ музыка өнерінің қазынасына үш жүзге жуық ән қосқан ұлы композитордың шығармашылығын дәріптеу, әр жүрекке ұялаған мәңгілік әуендермен жастарды жақынырақ таныстыру болды,  -дейді Жем қалалық кітапханасының кітапханашысы Наталия Лемежис.
Шараға Жем қаласының №5 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Әдеби-сазды кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны саналатын Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнімен басталды. Одан кейін кітапханашы Н. Лемежис сазгердің өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталды.
Экран арқылы тыңдармандарға «Ақ бантик», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Қайықта», «Бақыт құшағында» сияқты халық арасында кеңінен таралған әндер ұсынылып, оқушылар ерекше әсер алды.Кеш соңында «Шәмші Қалдаяқовтың әндері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ұқсас ақпараттар

Президент Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласына барды

admin_mugalzhar

ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

admin_mugalzhar

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.