«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Энергетика жүйесін жаңғырту – экономикалық тұрақтылық кепілі

Соңғы екі жылда Қазақстанда 1,3 ГВт жаңа электр қуат көзі пайдалануға берілді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында қолға алынған жүйелі реформалардың нақты нәтижесі.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов атап өткендей, басты мақсат – сенімді, заманауи және өзін-өзі қамтамасыз ете алатын энергетикалық инфрақұрылым құру.
Жоспар бойынша:
2025 жылы – тағы 622 МВт,
2026 жылы– 2 700 МВт жаңа қуат іске қосылады.
Ақтөбе облысы да елдегі баламалы энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуда.
Хромтау ауданында қуаттылығы 150 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, осы ауданда жалпы құны 115 млрд теңгені құрайтын екі жел электр станциясының құрылысы жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, биыл көктемде облыс әкімдігі өңірде қуаттылығы 300 МВт болатын екі жаңа жел электр станциясының құрылысын салу үшін шетелдік инвестиция тарту жөнінде келісімдерге қол жеткізді.
Бұл жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, өңірлік дамуға серпін береді.

Сақтағанов Абай, «СНПС-АМГ» корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі Бас менеджер, Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты

Ұқсас ақпараттар

Ішкі жалпы өнім өсімі 6%-ға жетті

admin_mugalzhar

Қосымша құн салығы – маңызды мәселе

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАР» ГАЗЕТІ ӨЗІНІҢ «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.