«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады

2023 жылы қазақстандықтар үшін ұзақ демалыс күндері сирек болады. Мысалы Жаңа жыл мейрамында небәрі 3 күн демалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы Рождество сенбіге келеді. Дегенмен мереке демалыс күніне түссе де, басқа күнге ауыстырылмайды.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сәрсенбі күніне түседі. Бұл күні 1 күн демаламыз.

Наурыз мейрамын тойлауға 3 күн демалыс беріледі. Ол сейсенбі, сірсенбі, бейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Яғни қазақстандықтар 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады.

Ал мамыр айында біз 3 мерекені қатар тойлаймыз. Сәйкесінше 4 демалыс күнін атап өтеміз:

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – жексенбіге түсіп, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша екі күн қатар тойланады.
  • 9 мамыр – Жеңіс күні – сейсенбіге сәйкес келеді.

2023 жылы Құрбан айт сәрсенбіге сәйкес келеді. Биыл оны 28 маусымда тойлаймыз.

Қазақстанда 2023 жылы демалыс күндерін ауыстыруға байланысты 6 шілдеде Астана күніне 4 күн демалыс жоспарланған. 6 және 7 шілде, содан кейін тағы 2 күн — сенбі және жексенбі. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

30 тамызда бір күн демаламыз. Конституция күні биыл сәрсенбіге сәйкес келеді.

25 қазан – Республика күні – біз де бір күн демаламыз, сәрсенбіге келеді.

Желтоқсан айында Тәуелсіздік күні 3 күн демалыс болады: 16, 17 және 18 желтоқсан (демалыс күнінің кейінге шегерілуіне байланысты).

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ ШЕШІМІН ТАБУДА

admin_mugalzhar

Қазақстан полицейлері пәтерлер мен аулаларды аралайды

admin_mugalzhar

МҰНАЙ — ГАЗ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.