Келесі аптадан бастап несиені кез келген уақытта комиссиясыз төлеуге болады. Яғни, қарызды мерзімнен бұрын қайтарамын десеңіз, банктер айыппұл салмайды.
Қазір банктер несиені ерте өтесеңіз де, үстемақы төлеуді талап ете алады. Мәселен, 2 миллион теңгені 20 пайызбен 1 жылға алдыңыз делік. Бірақ оны мерзімінен бұрын қайтарғыңыз келсе, банк сол 20 пайызды қалған айлардың бәріне айыппұл ретінде төлеуге міндеттейді. Бұл шамамен 160 мың теңге.
Осылайша, түптеп келгенде банк әуелде көздеген табысын алады. Ал сізге несиені ертерек төлегеннен пайда жоқ. Бірақ 31 тамыздан бастап бұл талап жойылып, алдағы дүйсенбі күшіне енеді.
“Енді қаржы нарығындағы жағдай жақсара түседі және азаматтар несиені ерте жабуға тырысады. Несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін банкке барып, келісімшарт жасасу керек. Оған дейін ақшаны салып жібермеңіз. Әйтпесе бұрынғыдай үстемақыны төлеуге тура келеді. Келісімшартты мұқият оқып, тек «қарызды уақытынан бұрын төлеу» деген жазбаның жанына қол қойыңыз. Бұдан соң банк сізге жаңа төлем кестесін береді”, — дейді экономист Айбар Олжай.