«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Заң және тәртіп: Қазақстанда қылмыстар санының 13%-ға төмендеуі тіркелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі елімізде қауіпсіз қала және ауылдық ортаны құруға күш салуда.

Күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.

Бүгінде 15 мыңнан астам патрульдеу маршруттары әзірленген. Бұл барлық проблемалық аймақтарды қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қайталануы мүмкін қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мұндай шаралар елеулі нәтижелер беруде. Осы жылдың басынан бастап қоғамдық орындарда және көшелерде, сондай-ақ бұрын сотталған адамдар арасында құқық бұзушылықтар санының азаюы тіркеліп отыр. Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында 10 мыңнан астам қылмыс ашылды, сондай-ақ 10 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.

«Біздің жұмыстың негізі – «Заң және тәртіп» қағидаты. Алдын алу шараларының арқасында қылмыстар саны 13%-ға төмендеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Бұрын сотталғандар жасайтын, қоғамдық орындарда және қару-жарақпен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар саябырсыды. Бұл ретте олардың ашылуы жақсарды», — деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында білім туризмі қарқынды дамуда

admin_mugalzhar

ГҮЛНҰРДЫҢ ЖЕҢІСІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

admin_mugalzhar