«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Велосипед жүргізушісін көлік қағып кетті

Оқиға Қандыағаш қаласында болды. Көлік астында қалған кәмелет жасқа толмаған ойын баласы қазір ауруханада.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне  сүйенсек, оқиға маусым айының 5-і күні жергілікті уақыт шамамен сағат 11.00-де орын алған. «Уаз» автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, жылдамдықты тежемей жолда велосипед теуіп жүрген 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Қатты соққының салдарынан, жасөспірім жабық түрдегі бас және бірнеше дене жарақатын алып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта зардап шегушінің денсаулығы бақылауда. Ал осы оқиғаға қатысты көлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

P.S. Жазғы демалыста балаларының қауіпсіздігіне әрбір ата-ана сақтықпен қарағаны жөн. Балаларымызға абай болайық!

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Жол көлік оқиғасы көбейіп кетті

admin_mugalzhar

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің спортшылары қатысады

admin_mugalzhar

Лионель Месси «Барселонадан» кетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.