«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

2018 жылдың 4 маусымынан бастап «Дабыл-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды. 

Оқу-жаттығулардың мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты көтеру.

Оқу-жаттығу жиындары барысында қызметтік-жауынгерлік күш және құралдардың дайындығы, олардың өзара іс-әрекеттерін іс-қимылын үйлестіру және келісу, сондай-ақ, олардың өзара басқаруын ұйымдастыру деңгейі тексеріледі.

Аталған оқу-жаттығу жиындары жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп келеді.

Осы жылғы жиынның ерекшелігі –бірнеше күнге жалғасады және еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Оқу-жаттығулар кезінде теміржол вокзалы мен әуежайға режімдік өткізуді бақылау күшейтілетін болады.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу шаралары мен әскери және арнайы техникалардың жұмысы кезінде көлік кептелістерінің орын алуы мүмкін.

Ақтөбе қаласы және облыс тұрғындарын аталмыш шараларға түсініспеншілікпен қарап, жалған ақпараттардың таратуға және насихаттауға жол бермеу сұралады.

Дағдарыс жағдайлары бойынша өңірлік жедел штабы

 

Ұқсас ақпараттар

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты

admin_mugalzhar

Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні

admin_mugalzhar

Сколько налогов собрали в Казахстане за два месяца

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.