«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Жолдауда Президент халықтың көкейіндегі мәселелерді дөп басып, талап-тілегіне, арман-мұратына жетелейтін міндеттерді толық айтты деп есептеймін.

«Жасанды интеллект – заман талабы. Қазақстан бұл салада бәсекеге қабілетті ел атануы керек». Президент Жолдауына қатысты алматылықтар осындай пікір білдірді. Мемлекет басшысы 3 жыл ішінде жаппай цифрлық ел болу бастамасын көтерді. Ол үшін «Цифрлық кодексті» қабылдап, «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін» құру, экономика және білім саласына соңғы технологияны енгізуді тапсырды.

Қоғамның ауызбірлігін еселеп, елдің әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке біршама тапсырма жүктеді. Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі жүзеге асуы тиіс.

Олжас Абайұлы, Қандыағаш қаласының тұрғыны теміржолшы.

Ұқсас ақпараттар

Кеңестік мультфильмдер қазақ тілінде көрсетіледі

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ТАРИХИ ОРЫНҒА САЯХАТТАДЫ

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН (МКАБЖ) ЕНГІЗУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.