«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕЙІПКЕРГЕ АЙНАЛУ — МӘРТЕБЕ

Асланбек САМРАТ, Ащысай ауылдық округі аппаратының бас маманы:

Қазіргідей цифрлануға негізделген ақпараттық дәуірде газеттің орнын әлеуметтік желі, кітаптың орнын планшет басып жатқаны жасырын емес. Бұған интернеттің барлық жерде қолжетімді болуы өз әсерін тигізуде. Алайда, бұл дәстүрлі басылымның күні қараң деген сөз емес. Дүние жаңарып, жаңа технология өмірімізге толығымен енген күннің өзінде газет елмен бірге жасай бермек. Себебі дәстүрлі басылым – тұнған тарих, құнды құжат.

Газет түсінген адамға ақпараттың қайнар көзі және таусылмас құнды қазына. Сондай-ақ, халықты сауаттандырып көзін ашатын ақпарат құралы. Әсіресе, қазіргідей қазақы сөздің қаймағы бұзылып бара жатқан заманда газет оқу өте қажет деп есептеймін. Қандай да бір адамның жеткен жетістігі газет бетінде жарияланса, өнегелі өмірі туралы мақала жарыққа шықса, әлгі адам үшін мәртебе және болашақта ұрпағына мақтанышпен айтып, көрсете алатын құнды жәдігер болмақ. Бүгінде әлеуметтік желі де кез келген адам өз-өзін жариялап, артықшылықтарын айтып жатады. Бірақ оның маңызды болмасы анық. Ал егер журналистің кейіпкеріне айналсаң, бұл мақтаудың бәсі биік болары анық.

Ұқсас ақпараттар

Президент: Тұғырына қонған жаңа Конституцияда халқымыздың бірегей болмысы көрініс тапты

admin_mugalzhar

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

admin_mugalzhar

АЭС орны қалай таңдалады?

admin_mugalzhar