«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының басшысы Рустам Ахметовтың төрағалығымен аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған жиын өтті. Жиынға Ақтөбе облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Ризагүл Омарова қатысып, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында ол мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жұмыс уақытының тәртібі мен қызметтік тәртіп, қызметтік қатынастарда харассмент (қысым көрсету) пен алаяқтықтың алдын алу жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттерін білуінің маңыздылығы да ерекше атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын қатаң ұстану, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын мүлтіксіз орындау қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, әдеп нормаларын жетілдіру, құқықтарын қорғау және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Ризагүл Мырзағалиқызының айтуынша, мұндай кездесулер мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда «Әкімдер мектебі» жұмысын бастады

admin_mugalzhar

МЕЙІРІМ ИЕСІ МЕДБИКЕГЕ АРНАЛҒАН КҮН

admin_mugalzhar

АШЫҒЫН АЙТСАҚ АЩЫ, БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ ТАПШЫ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.