«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты.

🟦Мемлекет басшысы нейрожелілер саласындағы Янн Лекунның жаңашыл жетістіктерін жоғары бағалап, оның жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

🟦Президент Қазақстанның жаппай цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамудың басты факторы ретінде кеңінен қолдануды қарастырып, дербес ЖИ экожүйесі мен Қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (KazLLM) жасақтауға күш салып жатқанын жеткізді.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Meta Platforms Inc компаниясымен Қазақстанда ЖИ технологияларын дамыту бойынша бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосу жөніндегі келісімге қол қойылуын құптап, технология алыбымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас ақпараттар

РУХАНИ БАЙЛЫҚҚА НАЗАР АУДАРЫЛСА ЕКЕН…

admin_mugalzhar

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

БАС ЖҮЛДЕ — ӘНІМЕН ТӘНТІ ЕТКЕН АЙДАРИЯДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.