«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президенттің 2024 жылғы жолдауын жүзеге асыру: республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

2025 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары 13 мың шақырымнан астам жолды қамтыды.

Оның 7 мың шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Орал – Атырау» және басқа да автожолдар қамтылды, «Орталық – Батыс» автожолының, сондай-ақ «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» учаскелерінің, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. «Қалбатау – Майқапшағай» жолы аяқталады.

Артық жүктемелерді бақылау үшін 60 автоматтандырылған өлшеу стансасы (АӨС) орнатылды, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 220-ға жеткізіледі.

«Цифрландыруға көп көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчерлеу, болжамды техникалық қызмет көрсету, зияткерлік көлік жүйелері енгізілуде», — деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Айтй кетейік, Ақтөбе облысының жол инфрақұрылымын жақсартуға биыл республикалық және жергілікті бюджеттен 58 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аталған қаржыға 458,3 км жол жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 245 шақырымы – жергілікті маңызы бар тас жолдар. Қалғаны облыс орталығы мен аудандардың көше жолдары.
Жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін өңірдің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдарының үлесі 82%-ға дейін артады.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде ядролық медицина орталығы салынады

admin_mugalzhar

Жыл қорытындысы: Ақтөбеде 2025 жылда 25 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

admin_mugalzhar

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.