«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Егінге орақ түсті

Биылғы жазғы маусымның аптап ыстығынан ауданның егіншаруашылығы қолайсыз болды. Қуаңшылықтан шаруалардың еккен тары, сұлы секілді дәнді дақылдары бой көтермей жатып күйіп кетті.

Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, аудандағы шаруалар ақырындап егін ору науқанына кірісіп кетті. Алғаш болып Еңбек ауылдық округінің шаруалары күзгі жиын-терімге кірісті. Ақкемерлік шаруалар да білек түрінді. Қазіргі мәлімет бойынша, 7 403 гектар жерге себілген бидайдың 1100 гектары, 3964 гектар арпаның 1000 гектары жиналды. Ал тары, сұлы дәнді дақылдар жаздағы ыстықта күйіп кеткен.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

admin_mugalzhar

15 жылдық тарихы бар «Триумф» бишілері Қандыағашта концерт берді

admin_mugalzhar

Туған жерге тағзым – перзент парызы

admin_mugalzhar