WBC Азия чемпионы, UBO Әлем чемпионы Нұртас Әжбеновтың компаниясы және «Саумал орталығының» ұйымдастыруымен, Қандыағаш қаласы кәсіпкерлерінің қолдауымен 2-3 сәуір күндері Қандыағаш қаласында жастар және жасөспірімдер арасында бокстен 10 салмақтан тұратын жекпе-жек өтеді. Жекпе-жекке түрлі дүбірлі додаларда Ақтөбе облысының намысын қорғап жүрген 20 спортшы қатысады. Жарысты жүргізу үшін ринг-анонсер Арман Момынов арнайы келмек. Сонымен қатар жарысқа @tukeshov_boxing президенті Жалғас Тукешов, @saumal_triptofan орталығының басшысы Болат Бисенғалиұлы,
Ақтөбе облысы грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, елге белгілі кәсіпқой спортшылар — Рахат Сейтжанов, Медет Айдосов, Қанат Өзбекбаев, Дастан Садуұлы, NFS чемпиондары — Әліби Ідірісов, Нұрбек Әбдірахманов және Қазақстанның өнер жұлдыздары қатысады.
-Бұл жарыс кәсіпқой бокс түрінде өтпек. Бас бәйгеге Saunet Boxing белдігі тігілмек және жеңімпаздарға алтын медаль беріледі. Билеттен түскен қаражат қайырымдылық қорына жұмсалады, — дейді ұйымдастырушылардың бірі Нұртас Әжбенов.
Алдыңғы