«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

iPhone үшін WhatsApp-та жаңа мүмкіндік пайда болды

WhatsApp мессенджерінің iOS жүйесіне арналған бета-нұсқасында қолданушыларға фотосуреттер мен бейнелердің сапасын басқару мүмкіндігі қосылды. Бұл жаңалық туралы WABetaInfo (WBI) басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Жаңа функция 25.29.10.71 нұсқасында қолжетімді және екі режим ұсынады:

  • «Стандартты сапа» – интернет-трафикті үнемдеу үшін файлдарды қысқартып жібереді;
  • «HD сапасы» – сурет пен бейненің бөлшектерін барынша сақтайды.

Осылайша, қолданушылар енді интернет-трафик пен құрылғы жадын үнемдей отырып, файл сапасын өз қалауына қарай реттей алады.

Параметрлерді «Сақтау және деректер» бөлімінен табуға болады. WBI-дің түсіндіруінше, егер жіберуші суретті HD форматында жолдаса, WhatsApp сервері екі нұсқаны – стандарты және HD сапада – сақтайды. Алушы өз құрылғысындағы параметрлерге қарай бірін таңдай алады немесе жоғары сапалы нұсқаны қолмен аша алады.

Айта кетейік, бұл мүмкіндік бұрын Android нұсқасында сынақтан өткен, енді iPhone пайдаланушыларына қолжетімді бола бастады.

Ұқсас ақпараттар

МАССАЖИСТ ДИДАР АПАЙ

admin_mugalzhar

Нұрлыбек ҚАДІРОВ, Мұғалжар аудандық сотының судьясы: СУДЬЯ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕ НАҚТЫ ҚАҒИДАЛАРДЫ БАСШЫЛЫҚҚА АЛАДЫ

admin_mugalzhar

Қысқы Универсиада: Қазақстандық спортшылар 10 спорт түрінен бақ сынайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.