«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Енді автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылады

Енді Қазақстанда авто­мектептер тек Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылады. Бұл туралы ведомство басшысы Ержан Саденов мәлімдеді. Жаңа шаралар жүргізушілерді даярлау сапасын арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Министрдің мәліметінше, жыл басынан бері 22 мың қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылған, ал 19 мың адам әкімшілік қамауға алынған.

«Бәрін ретке келтіріп жатырмыз. Барлық авто­мектеп есепке алынды. Курстар туралы куәліктер мен медициналық анықтамалар электронды форматқа көшірілді. Енді авто­мектеп ашу рұқсатын беру құзыреті ІІМ-ге өтеді», деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы еліміздегі автопарктің техникалық жағдайына да назар аударды. Оның айтуынша, елдегі көліктердің 50 пайыздан астамы 20 жылдан ескі, ал техникалық байқаудың сапасына қатысты да көптеген сұрақтар бар.

Полиция тарапынан жыл басынан бері 202 мың жағдайда ақаулы көлікпен жолға шығу, 117 мың жағдайда техбайқаусыз жүру деректері анықталған.

Осыған байланысты ІІМ Көлік министрлігіне техникалық байқау станцияларына және жолаушы тасымалдаушыларға бақылауды күшейту жөнінде ұсыныс енгізген.

Ұқсас ақпараттар

Асхат ШАХАРОВ: АҚТӨБЕЛІКТЕР ШЫНДЫҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, ТАЛАПШЫЛ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.