«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

Осы аптада мемлекеттік қызмет саласында ұзақ елеулі еңбек етіп, ауданның экономикалық дамуы жолына сүбелі үлесін қосқан Ғайният Асқаров зейнет жасына жетті. Осыған орай аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Ғайният Сүлейменұлын аудан активі алдында туған күнімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Ол 40 жылдан астам Мұғалжар топырағында үзіліссіз еңбек етіп, ауданымызда орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістердің куәсі болды. Жалпы 41 жылдық еңбек өтілінің 31 жылын мемлекеттік қызметке арнаған. 2006 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. 2006-2022 жылдары негізгі жұмысымен қоса аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы қызметінде де болды.

Жиында аудан басшысы бір орында табан аудармай еңбек етіп, өз қызметін адал атқарған Ғайният Асқаровтың иығына шапан жауып, ыстық ықыласын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

Сіз басқарып отырған сала – ең күрделі сала. Аудан бюджетін тиімді жоспарлап, игеруде аса тиянақтылық көрсетіп келесіз. Сіздің жүріп өткен жолыңыз осы жерде отырған баршамызға үлгі. Өзіңіздің біліктілігіңіз бен білімділігіңіздің тереңдігін көрсетіп, қиын жағдайларда тоқырауда қалдырмай, жұмысыңызды абыроймен атқарып жүрсіз. Біз сізбен мақтанамыз. Сіз секілді білікті маман бізге өте қажет. Алдағы уақытта тағы да бір жыл сізбен әдемі үндестікте жұмыс атқаратыныма сенім артамын, — деді аудан басшысы.

Одан кейін мінберге көтеріліп, сөз алған ардагер Аманжол Адаев зейнет жасына жеткен Ғайният Сүлейменұлын құттықтап, ағалық ақ батасын берді. Сонымен бірге осы жылдар ішінде қызметтес болған Ғалым Дәрімбетов, Жұмагүл Мұхамбетовалар оның кісілік келбетімен, адалдық, адамгершілігін айтып, туған күнімен құттықтап, алғыстарын білдірді. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ұжымы да Ғайният Асқаровқа ризашықтарын білдіріп, ықылас гүлін сыйлап, дәстүрге сай иығына шапан жапты.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПРОШЛИ УЧЕНИЯ СПАСАТЕЛЕЙ НА ЖЕЛЕЗНОЙ ДОРОГЕ

admin_mugalzhar

ƏР МАҚАЛАДАН ШЫНАЙЫ ӨМІРДІҢ КӨРІНІСІН КӨРЕМІН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.