«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нан қалдықтарына контейнер орнатылама?

«Мұғалжар» газетінің әлеуметтік парақшасына Мария есімді тұрғыннан хат келген еді. Хат иесі «Жамбыл» көшесі бойындағы көпқабатты үйдің тұрғыны екен. Хатта нан қалдықтарына арналған сары контейнерлерді өз көшесіне де орнатылса деген ниет білдіріпті. Редакция тілшілері жәшікке жауапты адаммен байланысқа шығып, оқырман ұсынысын жеткізді.

Мария ҚҰРАҚБАЕВА, «Жамбыл» көшесінің тұрғыны:

Біз көпқабатты тұрғын үйде тұрамыз. Қолымызда ұстап отырған малымыз болмағаннан кейін нан мен тамақтың қалдықтары көп қалып жатады. Біліп тұрып, қоқысқа тастауға қолым бармайды. «Жастық» және «Достық» мөлтек аудандарындағы қоқыс контейнерлерінің жанына арнайынан салатын жәшік қойған екен. Соны көріп, «мынау жақсы іс екен» деп ішім жылып қалды. Жасыратыны жоқ, осы уақытқа дейін біздің жаққа да қондыратын шығар деген үмітте болдым. Бірақ үмітім ақталмады. Енді газет редакциясы арқылы осы мәселенің шешімі табылса екен деймін.

Нұртай ӨТЕГЕНОВ, «Нан үшін» қоқыс жәшігінің иесі:

Осы кезге дейін қала халқынан және тамақ қалдықтарын тұрмыстық қоқыспен бірге төгіп жүрді. Тұрғын ретінде әрі ауыл адамы болғаннан кейін бұл көрініс маған ауыр тигені рас. Содан биылдан бастап мен қолдаушы азаматтармен бірлесіп, қазіргі таңда қаланың 15 жеріне арнайы нан қалдығы үшін контейнерлерін орнаттым. Енді аталған мәселе бойынша мен де біраз жерге барып, есік қақтым. Өйткені қаланың «Жамбыл», «Финский» көшелерінде жер үйлер көп орналасқан. Көбі мал ұстап, тауық, құс бағып отыр. Дегенмен көп қабатты үйде тұратын тұрғындар үшін бұл контейнерлер керек. Алайда мен бақылау жүргізіп қарадым әрі бастапқыда контейнер қойған едім. Халықтың бәрі бірдей емес екеніне көзім жетті. Біріншіден, мал ұстайтын адамдардың көбісі үлкен кісілер, сол орыннан нан қалдықтарын теріп жинап, өз малдарына беріп жүргендерді байқадым. Өздеріне сондай орын дайындауын айтқанымда, мән беріп қарамады. Ішіне басқа қоқыстарды толтырып кететіндер де бар. Контейнерлерді көбейту үшін қайтарымсыз грантқа қатысуға ұсынысжасаған едім. Бірақ маған 2,5% пайыздық несие алуға ұсыныс жасайды. Бірақ өзім несие алғым келмейді. Бұл істің әзірше тоқтап тұрған себебі осы. Алдымыз қыс болғандықтан, нан қалдықтарын жинап, оны кептіретін, артынша үгітетін құралдарым да жоқ. Сол себепті тек қазір орнатылған 15 контейнерді жинап жүрмін

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтардың 1,6 млн-нан астам несиесінің мерзімі кейінге шегерілді

admin_mugalzhar

«SOS POLICIA» ДАБЫЛ ТҮЙМЕЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА

admin_mugalzhar

Баспанамен қамтамасыз ету бағытында көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық жеңілдікті несие беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.