«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ директоры В. Урумбаеваның бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 20 қазанынан бастап Мұғалжар аудандық Мансап орталығының директоры лауазымына Дархан СерікұлыТлеукин тағайындалды.

Ол 1997 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 2019 жылы Баишев университетін «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша және 2024 жылы Q University оқу орнын «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2019 жылы Жастар тәжірибесімен Қандыағаш станциясында бастаған. Әр жылдары Мұғалжар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында, Мұғалжар аудандық мансап орталығында маман болып еңбек етті.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2025 жылдың сәуір айынан бастап Мұғалжар аудандық мансап орталығының сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік қызметшілерге арналған кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы ашылды

admin_mugalzhar

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.