25 қазан – ел тарихындағы тағдырлы белес. Республика күні егемен елдің бастауы, ұлт рухының жаңғыру сәті. 1990 жылғы Декларация қазақ мемлекеттілігінің негізін қалап, тәуелсіздікке бастар жолдың тұңғыш парағын ашты. Бұл мереке ел тарихына тағзым етіп, жас ұрпақты елін сүйіп, еркіндігін қастерлеуге үндейді.
ТАРИХҚА КӨЗ ЖҮГІРТСЕК
ХХ ғасырдың соңында әлем картасында жаңа мемлекеттердің пайда болуына жол ашқан тарихи өзгерістер орын алды. Сол кезеңде бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар өз тағдырын өздері айқындауға ұмтылды. Қазақ елі де бұл үдерістен шет қалмады. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды. Бұл — еліміздің тәуелсіздігін жариялауға дейінгі ең алғашқы конституциялық-құқықтық қадам болды. Декларацияда алғаш рет: Қазақстан аумағы бөлінбейтін және тұтас деп танылды, табиғи ресурстар мен жер байлығы халықтың меншігіекенікөрсетілді, мемлекеттік билік тек халықтың қолында екені айқындалды, Қазақстан өз заңдарын өз бетімен қабылдайтыны және басқа елдердің заңдары тек келісім негізінде ғана қолданылатыны жазылды. Бұл тарихи құжаттың қабылдануы қазақ халқының ұлттық санасының оянғанын, тәуелсіздікке ұмтылғанын айқын дәлелдеді.
ДЕКЛАРАЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАСТАР ДАҢҒЫЛ ЖОЛ
1990 жылғы 25 қазан — қазақ мемлекеттілігінің жаңа дәуірге аяқ басқан күні. Дәл осы Декларацияның негізінде 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылданды. Сөйтіп, Республика күні – Тәуелсіздік мерекесінің бастауы саналады. Кейінгі жылдары бұл мереке күнтізбеден алынып тасталғанымен, ел тарихындағы маңызы ешқашан жойылған жоқ. Тек 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілді.
«Бұл күн – халқымыздың мемлекеттілік жолындағы тарихи таңдауының символы. Республика күні – елдің тағдырын өз қолына алған еркіндік рухының мерекесі», — деп атап өткен еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
БҮГІНГІ МЕРЕКЕНІҢ МӘНІ
-Республика күні – тек тарихи дата ғана емес, әрбір азаматтың бойында патриоттық рухты күшейтетін, елдік сезім мен мақтаныш ұялататын мереке. Бұлкүнімектептердеашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізіледі, мәдениет үйлерінде концерттермен көрмелер ұйымдастырылады, еңбек ардагерлеріменжастардың кездесулері өтеді және ел тарихын танытатын танымдық шаралар мен викториналар ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойына ел тарихына деген қызығушылық пен құрмет сезімін сіңіреді.
Айжан СЕРАЛЫ, аудандық тарихи-өлкетанумузейінің қызметкері: 
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
—Республикакүні – бұл әр қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятатын ұлық мереке. Біз, жастар, осы күннің мәнін терең түсінуіміз керек. Өйткені егемен елдің болашағы – білімді, белсенді, елжанды жастардың қолында. Бүгінгі таңда мемлекетіміз жастарға мол мүмкіндік беріп отыр: білімалу, кәсіпбастау, өзқабілетін дамыту жолында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мұның бәрі – егемендіктің, дербес мемлекеттің жемісі. Мен үшін Республика күні – тәуелсіздікке деген құрмет, мемлекетіміздің әрбір жетістігіне қуану және өз еңбегіммен ел дамуына үлес қосуға деген жігер береді. Еліміздің ең басты байлығы – бейбітшілік пен бірлік. Біздің басты парызымыз – сол тыныштық пен бірлікті сақтау. Республика күні – соны еске салып, әрқайсымызға елге қызмет ету парызымызды ұғындыратын мереке.
Жеңісбек САЛИЕВ, Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі: ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
— Республика күні – еліміздің мемлекеттік мәртебесін айқындап, ұлттық санамен елдік рухты күшейтетін ерекше мереке. Бұл күннің тарихи маңызы зор. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдап, дербес даму жолына түсті. Сол сәттен бастап халқымыздың тағдыры, болашағы өз қолына өтті. Бүгінгі ұрпақ тәуелсіз елдің берік тұғырын одан әрі нығайтып келеді. Біз ұстаздар қауымы балалардың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті, отансүйгіштік рухты сіңіруге тырысамыз. Республика күні – жас ұрпаққа ел тарихын танытып, тәуелсіздік құндылығын ұғындыруға мүмкіндік беретін тағылымды мереке. Бүгінде Қазақстан түрлі ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырып, татулық пен келісім үлгісін көрсетіп отыр. Бұл – егемен елдің ең үлкен жетістігі.
Дайындаған А.МАНАСБАЕВА

