«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СПОРТТЫҚ САЙЫСТАРДАН СЫНҒА ТҮСТІ

Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері күніне орай волейбол және тоғызқұмалақтан сала мамандары арасында жарыс өтті.

Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен волейбол жарысына 4 команда қатысты. Тоғызқұмалақ жарысынан қатысушылар жекелей сында кім мықтыны анықтады. Жарысқа қатысқан ойыншылар достық қарым-қатынасты арттырып, кәсіби мерекелік көңіл-күйде болды.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша волейбол мен тоғызқұмалақтан жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар және ойыншылар Дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз

admin_mugalzhar

БАУЫРЖАН — ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ТӨРЕШІ

admin_mugalzhar

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды

admin_mugalzhar