«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

130 мың қазақстандық оқушы жаңартылған мектептерде білім алуда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Биыл ел бойынша 245 мектепте кешенді реновация жүргізілуде, оның 134-інде жұмыстар толық аяқталды. Жаңа оқу жылының басынан бері 130 мыңнан астам қазақстандық оқушы жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алып жатыр.

Реновация бағдарламасы аясында мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһазындарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт залдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ мектеп аумақтарын жаңа стандарттарға сай абаттандыру қарастырылған.

Жоба үш жылда жүзеге асырылады: 2025 жылы 245 мектеп, 2026 жылы 434 мектеп, 2027 жылы 552 мектеп жаңартылады. Қосымша 2028–2029 жылдары Жамбыл облысындағы тағы 67 мектепте жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Ұқсас ақпараттар

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады

admin_mugalzhar

БАС РЕДАКТОР БАНУ ЖАРТИНА “АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ” АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.