«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САНИТАРИЯЛЫҚ МАМАНДАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Қобландиннің қатысуымен Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында эпидемиологиялық мәселелерге арналған өндірістік кеңес отырысы өтті.

Аталған кеңеске ауданның санитариялық мамандары қатысып, жалпы иммунопрофилактика, соның ішінде туберкулин диагностика мен БЦЖ екпесін жүргізу бойынша жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруының алдын алу мақсатында сауықтыру шараларының жүр-гізілуі де сөз болды. Ауданның бас санитариялық дәрігері Ерлан Мұратов аудан тұрғындарын тұмауға қарсы екпемен қамту бойынша, екпеден бас тартқандар мәселесі жөнінде, күйдіргі ауруының эпидемиологиялық жағдайы және онымен күресу жолдары туралы айтып өтті. Оның айтуынша, аудан бойынша 307 баланың ата-анасы  профилактикалық екпелерден бас тартқан. Ал аудан бойынша 8503 адам тұмауға қарсы екпемен қамтылған. Оның 6233-і ақысыз, 1985-і ақылы, 285-і жұмыс берушілер тарапынан егілген.
Шара соңында кеңес төрағасы Ғалым Қобландин балаларды профилактикалық екпемен қамтуды 95 пайызға дейін арттыруды, екпеден бас тартқан ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын әрі қарай жүйелі жүргізуді тапсырды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қырғыздар Рим Папасына қалпақ сыйлады

admin_mugalzhar

Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей байланысты, сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді.

admin_mugalzhar

«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.