«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде «Алаяқтықсыз аймақ» жобасы іске асырылуда

Облыс прокуратурасымен алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алғаш рет тәжірибе жүзінде алаяқтықтың алдын алу мақсатында жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, «Тәртіп-Бекет» роботы іске қосылды.

25 мыңнан астам брошюра таратылып, әлеуметтік желілерде 1000-нан астам жарияланым орналастырылды, халықпен 1500 кездесу ұйымдастырылып, 127 ақпараттық билборд орнатылды.

Байланыс операторларымен жасалған меморандум аясында алаяқтық түрлері мен олардың әдістері туралы 260 мыңнан астам SMS-хабарлама жіберілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанынан құрылған «Anti-Fraud» орталығының жұмысы аясында алаяқтардың нұсқауымен жасалған 58 млн теңгеден астам сомаға қаржылық транзакциялар бұғатталып, оның 35 млн теңгеден астамы жәбірленушілерге қайтарылды.

Екінші деңгейлі банктерде алаяқтардың құрбаны болған 175 азаматтың 175 млн теңге көлеміндегі несиесін өндіру уақытша тоқтатылды.

3,8 мыңнан астам интернет-сайт пен алаяқтық схемаларын таратқан жарияланымдар бұғатталды.

«Дропперлерден» (банктік шоттарын және мобильді қосымшаларға қолжетімділікті алаяқтарға берген тұлғалар) азаматтық тәртіпте 271 млн теңгенің 20 млн теңгесі өндірілді, қалған сома бойынша 162 талап-арыз сот қарауында.

«Дропперлік» әрекеттің 2 фактісі анықталды, бір іс бойынша 1 адам сотталып, екінші іс сотта қаралуда (екеуі де ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған).

Мысалы, полиция органдары алаяқтардың нұсқауымен жәбірленушілерден түскен ақшалай қаражатты оларға жеткізіп отырған 26 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

Екінші деңгейлі банктермен қол жеткізілген келісім аясында, алаяқтардың талабымен несие рәсімдеуге тырысқан жәбірленушінің 7 млн теңге көлеміндегі заем алу әрекетінің жолы кесілді.

Прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және алаяқтық схемаларының жолын кесу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Ұқсас ақпараттар

ТЕМІРЛАННЫҢ ТЕМІРДЕЙ ТӨЗІМІ һәм МҰҚАЛМАС ЖІГЕРІ

admin_mugalzhar

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ОРАЛСАМ, ШІРКІН

admin_mugalzhar

Президент: «Қазір Қазақстанда Кореяның 800-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.