«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақтың Асанәлісі — Ақтөбеде

Асанәлі Әшімов — 85

Қазақ театры мен киносының жұлдызы, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің мерейтойына арналған республика деңгейіндегі гастрольдік сапары Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жалғасын тапты.

Аңызға айналған өнер иесінің өмір жолына арналған «Алаштың ардақтысы» атты шығармашылық кешіне облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. Мерейлі кешке зиялы қауым, мәдениет саласының қызметкерлері мен өнерсүйер жұртшылық жиналды.

Кездесу өнер абызының өмір жолы мен шығармашылығына арналды. Алдымен халық артисінің өнегелі өмірінен сыр шертетін «Бірегей» деректі фильмі көпшіліктің назарына ұсынылды.Тау тұлғаның қазақтың мәдениеті мен өнеріне қосқан өлшеусіз еңбегі  аталып өтілді.

— Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің қалың көпшілікпен сұхбаттасу кеші өтіп жатыр. Мұндай іс-шаралар кең көлемде Алматы қаласында, туған жері Жамбыл облысында аталып өтті. Бұл кісі қазір батыс аймақтың барлығын аралап келе жатыр: Атырау, Орал, Ақтау, енді Ақтөбеге де келіп жетті, — дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова.

Шығармашылық кеште өнер саңлағына лайықты сый-құрмет көрсетілді. Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов қазақ өнерінің серкесіне жылы лебізін арнап, Құрмет грамотасымен марапаттады.

Кездесу кешінде көрермендер Асанәлі Әшімовпен естелік суретке түсіп, бірге ән шырқады, өнерпаздар ән-күйден шашу шашты. 

Насиба ЗАРЛЫҚОВА, «Ақтөбе» газеті

Ұқсас ақпараттар

18 мыңнан астам мұғалім тегін курстан өтті

admin_mugalzhar

РУХАНИ КЕШ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІСІНЕ АРНАЛДЫ

admin_mugalzhar

Елімізде 13 шілдеден бастап грант конкурсына өтініш қабылданады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.