«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Илон Маск: 5 жылдан кейін смартфон пайдаланбаймыз

Миллиардердің айтуынша, алдағы бес жылда смартфондар тарих сахнасынан кетіп, олардың орнын жасанды интеллектке негізделген құрылғылар баспақ.

Танымал тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында Маск:

«Қазіргі телефон дегеніміз – жасанды интеллект бейнеанализ жүргізетін және байланысқа арналған радиомодульдері бар шекаралық түйін ғана. Болашақта сіздің құрылғыңыздағы ІІ сервермен тікелей байланысып, ойыңызды алдын ала сезетін деңгейге жетеді», деді Маск.

Оның сөзінше, 2030 жылға қарай біз экран мен пернетақтаға тәуелді болмаймыз. Ақпарат алмасу ой арқылы жүзеге асады. Бұл адам мен машинаның шекарасы жойылатын жаңа дәуірдің бастауы.

Сарапшылар мұндай технологиялық бетбұрыстың шындыққа айналуы үшін жаһандық инфрақұрылым мен этикалық нормаларды жетілдіру қажет екенін айтады. Дегенмен, Масктың пікірінше, адам мен машинаның арасындағы шекара барған сайын жойылып, ақпарат алмасу табиғи үрдіске айналады.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе халықаралық әуежайында S Sistem Lojistik компаниясының логистика орталығы құрылады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында

admin_mugalzhar

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

admin_mugalzhar