«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

21 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

Күзгі демалыс кезінде аудандық полиция бөлімінің мамандары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «Демалыс» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Полиция мамандары іс-шара кезінде 12 ата-ананы бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын баяндады. Ал 1 ойын-сауық орнының иесі кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта мекемеге кіргізсе, 1 жеке кәсіпкер 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқаны анықталған.

Рейдтік шаралар барысында 21 құқық бұзушылық анықталды. Сағат 23.00 мен 06.00 аралығында тұрғындардан тыс заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген жасөс-пірімдерге ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша 11 хаттама толтырылды. Сонымен бірге ойын-сауық мекемесі саналатын кафе-барда жүрген 1 бала ұсталды. Ата-аналық міндеттерін атқармаған 9 ата-ана ҚР ӘҚБтК 127 бабымен жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 7 ата-ана балаларының масаң күйде жүруіне жол берген. Қолайсыз жанұя есебіне — 1 ата-ана, 2 кәмелет жасқа толмаған бала есепке қойылды. Сонымен қатар ата-аналық міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін 2 бала Ақтөбе қаласындағы «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына, 1 бала «Үміт» мамандандырылған сәби үйіне орналастырылды, — деді аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мейіржан Байзақ.
Полиция мамандары балаларды бақылау, тәрбиелеу және оларға қамқорлық көрсету — әр ата-ананың басты міндеті екенін айтып, ата-аналарды балаларға мұқият болуға, оларға көбірек уақыт бөлуге шақырды.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin_mugalzhar

ТЫНЫШТЫҚ КЕПІЛІ — ТАЛАП ПЕН ТӘРТІП

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.