«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖАНСАЯ» БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Аудан орталығы Қандыағаш қаласында орналасқан «Жансая» балабақшасына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары бүгінде аяқталып қалды.
Бүгінде балабақша орналасқан ғимараттың іргетасы 1967 жылы қаланған. Біраздан бері жөндеу көрмеген нысанның іші толықтай жаңғыртылуда. Балабақша меңгерушісі Шынар Ермағанбетова бөбекжай бақшаның еденінен бастап, есіктері мен терезелері ауыстырылып, жылу, су, электр желілері толықтай жаңартылғанын айтты.

Балабақшаны ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен 67 млн 884 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға тек қана ғимараттың іші ғана жөнделеді. Сыртқы жұмыстары кірмейді. Жөндеу жұмыстарын «АК Stroy» ЖШС-і жүргізуде. Бүгінде жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталды деуге болады. Енді жасалуы керек жұмыстарды аяқтап, балаларды қабылдаймыз. Мердігер мекеме өкілдері өз тараптарынан демеушілікпен балабақша жанынан кіруге арналған әр топқа арналған есіктердің үстіне қалқанша жасап берді, — деді балабақша меңгерушісі Шынар Ермағанбетова.

Ұқсас ақпараттар

Президент Stadler Kazakhstan зауытымен танысты

admin_mugalzhar

Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан жеңілді

admin_mugalzhar

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ: САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.