«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысының азық-түлік тұрақтандыру қорына 4,5 миллиард теңге бөлінді

Ақтөбеліктерді күзгі-қысқы және көктемгі маусымдарда қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін облыстық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді.

“Ақтөбе” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен келісімшарттар жасап, қажетті өнім көлемін толық қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына мынадай көлемде өнім жиналды:

картоп — 9 024 тонна (100%);

сәбіз — 2 078 тонна (100%);

пияз — 1 477 тонна (102%);

қырыққабат — 2 169 тонна (100%).

Барлық өнім қоймаларға жөнелтілмес бұрын сұрыпталып, ұзақ мерзімді сақтауға дайындалады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сапасы мен бағасының тұрақтылығына ауыл шаруашылығы өндірушілері жауапты, ал қордың қалыптасуы мен жұмысына бақылау жүргізу «Ақтөбе» ӘКК-нің міндеті болып табылады.

Бұл шаралар маусымаралық кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады

admin_mugalzhar

ҚОЖАСАЙЛЫҚТАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.