«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰМАУ ДЕРТІ ДЕНДЕП ТҰР

Соңғы күндері елімізде тұмаумен ауырғандардың саны күрт өсті. Елде соңғы аптада жалпы саны 150 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,8 пайызға көп. Мамандар мұны маусымаралық кезеңмен байланыстыруда. Ауданда да жағдай мәз емес. Ауданның санитариялық мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, соңғы он күндікте ауданда тұмау вирусын жұқтырған 1411 жағдай тіркелген. Дәрігерлер тұрғындарға сақтық шараларын ұстану керектігін айтып, ескерту жасауда.    

Жедел респираторлық-вирус-тық инфекциясын (ЖРВИ) жұқтырғандардың 474-і төрт жасқа дейінгі балалар, 439-ы 5-14 жас аралығындағы балалар, 249-ы 15-29 жас аралығындағы, ал 243-ы 30-64 жас аралығындағы, 6 жағдай 65-тен жоғары жас аралығындағы адамдар.
Тұмау – адамнан адамға ауа-тамшылары және қарым-қатынас арқылы тарайтын жұқпалы вирустық инфекция. Инфекция жұққан сәттен бастап ауру белгілері байқалған-ға дейінгі жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады. Тұмау еңбекке қабілеттілікті едәуір төмендетіп, пневмония, жүрек-қан тамыр немесе орталық жүйке жүйесінің зақымдануы секілді асқынуларға әкелуі мүмкін. Кей жағдайда өлімге де себеп болады. Тұмаудың эпидемиялық маусымы әдетте күзде басталып, желтоқсан айында шарықтау шегіне жетеді және сәуір айына дейін созылады, — деді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.
Оның сөзінше, ауданда осы жылдың он айында жіті респираторлық вирустық инфекцияның 16 657 жағдайы тіркелген. Ауру көбіне балалар арасында жиі орын алып, 14 жасқа дейінгі балалардың 9 570-інде тұмау жұқтыру дерегі анықталған. Ауданның бас санитариялық дәрігері Ерлан Мұратов тұмаудан сақтанудың жолы екпе екенін айтты. Осы жылы тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары қыркүйек айында басталған.
Бүгінгі күнге дейін 9 533 адам тұмауға қарсы екпе алды. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен ақысыз егілгендер – медицина қызметкерлері, диспансерлік есептегі балалар, жүкті әйелдер, жүрек-қан тамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар науқастар. Ал 2 417 адам ақылы түрде вакцина салдырды. Тұмауға қарсы вакцинация аудандық емханалар мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда жүргі-зіледі. Екпені тегін де, ақылы да алу мүмкіндігі бар. Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация екенін тұрғындар есте ұстауы керек, — деді басқарма басшысы.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы уақытта «суперЦОНдар» ашылады

admin_mugalzhar

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.