«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚСТАНДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙҒАН

Астанада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов былтыр медицина саласында атқарылған жұмыстарды түйіндеді, деп жазады Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Бектенов баяндамасында 2024 жылы елімізде ана өлімі 11,4 пайызға, бала өлімі 6,7 пайызға азайғанын мәлім етті.
«Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингпен қамту бір жылда 38%-ға кеңейтілді. Атап айтқанда, 2 млн 800 мың адам онкологиялық скринингтен өтті. Нәтижесінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін 3,5%-ға төмендетілді», деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр ел ғалымдары онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарғанын да тілге тиек етті. Қазіргі уақытта препаратқа қатысты клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Сынақты аяқтап, препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

ОКРУГТЕРДЕ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

НАН БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

Елімізде 1 қыркүйектен бастап электр қуаты қымбаттайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.