«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін әуе көлігімен тасымалдау ісін реттеуді тапсырды

KAZINFORM – Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа үздіксіз жеткізу үшін әуе тасымалдау әлеуетін белсенді қолдануды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Сарапшылардың болжауынша, алдағы 10 жылда әлемде мал етіне сұраныс 233 миллион тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін. Қазақстан еттің осы түрін экспорттаушы ірі елдердің бірі бола алады. Алғашқы кезекте Азия елдерін қамтамасыз етуіміз керек. Қой етін экспорттауда еліміз Моңғолия, Нидерланд, Испания және Франция сияқты мемлекеттерден кейінгі орында тұр. Бірақ бізде жайылымдық жер жеткілікті. Қой шаруашылығының экспорттық әлеуетін толық таныту үшін жағдай жасау қажет. Жолдауда аграрлық экспортты дамытудың жоспарын әзірлеу жөнінде міндет жүктедім. Бұл құжат логистиканы, ветеринариялық және фитосанитариялық стандарттарды, сондай-ақ сауатты маркетингтік стратегияны ескере отырып дайындалуы керек. Мәселен, Парсы шығанағы елдері біздің ет өнімдерін жыл бойы тасымалдауға ниетті. Бірақ бізде ауыл шаруашылығы өнімдерін әуе көлігімен тасымалдау ісі дұрыс үйлестірілмеген әрі тиісті деңгейде реттелмеген. Көп жағдайда кәсіпкерлер жүкті жеткізу мәселесін өздері шешуге мәжбүр.

Бүгін маған тұрақты рейстермен Әмірліктерге ет жеткізіле бастағаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл тәжірибені аса дұрыс деп айта алмаймыз. Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау әуежайлары логистикасы дамыған әрі халықаралық әуе бағыттарымен интеграцияланған өңірлік хабқа айнала алады. Оларға арнайы экономикалық аймақтар аясында артықшылықтар берілген. Әуежайлардың толық қуатында жұмыс істеуі ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мәселені Үкімет жан-жақты пысықтауы керек, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөз сөйлегенін жазғанбыз.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық жүйелерді интеграциялауды тапсырды. Сонымен қатар форумда ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие алғаш рет 1 триллион теңгеден асқаны айтылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 4 мамырда басталады

admin_mugalzhar

Үкіметте Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлданды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.