«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ «СЫБАҒА» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

Ақтөбе қаласында «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі өтті. Ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, ата-бабадан мұра болған асыл қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында өткен іс-шараға Мұғалжар ауданы да белсене қатысты.

«Сарқыт» мейрамханасында ұйымдастырылған «Көнеден жеткен дәм» гастро-фестивалінде облыстың әрбір ауданы өзіне тән ұлттық тағамдарын ұсынып, олардың шығу тарихы мен символдық мәні туралы мәліметтер берді.

Фестивалдің қорытындысы бойынша Мұғалжар ауданы «Үздік дәстүрлі тәтті тағам» және «Ең жақсы дәстүрлі сусын» номинацияларымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда сәуір айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

admin_mugalzhar

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ҰЛЫ КҮШІ

admin_mugalzhar