Келесі жылы АЕК 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өседі. Соған сәйкес мемлекеттік баждар да өзгеріске ұшырайды. Жаңартылған тарифтер төмендегідей:
▪️Паспорт түрлері:
• 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 тг (4 АЕК)
• 36 беттік стандартты паспорт – 34 600 тг (8 АЕК)
• 48 беттік паспорт – 51 900 тг (12 АЕК)
▪️Жеке куәлік:
• Жеке куәлік рәсімдеу – 865 тг (0,2 АЕК)
• Жыл ішінде екі реттен көп жоғалтсаңыз – 4 325 тг (1 АЕК)
▪️Жүргізуші куәлігі:
• Жүргізуші куәлігін алу – 5 406 тг (1,25 АЕК)
▪️Туу туралы куәлік:
• Алғаш рет беру — тегін
• Қайта рәсімдеу – 2 163 тг (0,5 АЕК)
• Жоғалтқан жағдайда — 2 132 тг
▪️Отбасылық актілер:
• Неке қию туралы куәлік – 4 325 тг
• Ажырасуға өтініш беру – 8 650 тг
