«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Мерейлі отбасы-2025» ұлттық конкурсы басталды

«Мерейлі отбасы-2025» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді 15 мамырдан “Халықаралық отбасы күнінен” 15 маусымға дейін қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.

«Мерейлі отбасы» конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға; неке, жанұяның жақсы жақтарын дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:
бірінші – аудандық (қалалық) кезең,
екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.
Өтінімдерді (қажетті құжаттармен қоса), арнайы нысан бойынша, аудандық (қалалық) комиссияларға 2025 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

«Мерейлі отбасы» конкурсына қатысу туралы ақпаратты Ақтөбе қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінен, сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасынан алуға болады.

Ұқсас ақпараттар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ТЕГІН ДАЯРЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА 74 МЛН-НАН АСТАМ ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

admin_mugalzhar

Ащы шындық бәріне бірдей ұнай бермейді – Президент

admin_mugalzhar