«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру: 795 мың тонна қалдық жиналды

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы және «Таза Қазақстан» бастамасының нәтижелері туралы баяндады.

Министр Президенттің бастамасымен бекітілген 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы еліміздегі экологиялық қозғалысқа жаңа серпін бергенін хабарлады. Осы жылы 1 250 іс-шара өткізілді, оған 6,4 млн адам қатысты. 1 млн гектардан астам аумақ тазартылып, 795 мың тонна қалдық жиналып, 2,8 млн ағаш отырғызылды.

«Азаматтарды тарту мақсатында @TazaQazBot чат-боты іске қосылды. 25 мың өтініш келіп түсті, оның 23,6 мыңы орындалды, бұл оның кері байланыс құралы ретіндегі тиімділігін растады. Бұл тұрғындардың сұраныстарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Сонымен қатар Қазақстан халықаралық аренада өз позициясын нығайтуда. 2026 жылы Қазақстан климаттық және экологиялық сын-қатерлер бойынша келісілген шешімдер әзірлеу мақсатында Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді.

📱 @KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

«ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР — 2022» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТТЕРІ БАС ҚОСТЫ

admin_mugalzhar

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.