«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы Ресей президентімен кездесті

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинменмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән беретінін ерекше атап өтті.

– Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербордағы кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді. Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді, — деді Мемлекет басшысы.

Ал Владимир Путин Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніне ризашылығын білдірді.

– Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ, — деді Ресей президенті.

 

Ұқсас ақпараттар

Министр Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шараларды жариялап,кең көлемді «Береке Fest» акциясының өтетінін хабарлады.

admin_mugalzhar

Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті

admin_mugalzhar

Айша АҚҚАЙЫР, ұршық иірген жеткіншек: АТАМ ЖАСАҒАН ҰРШЫҚ – ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.