«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ

Қандыағаш қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектепте аудан әкімінің балаларға арналған дәстүрлі Жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды.
сыйлықтар табыс етті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол, білім саласының қызметкерлері, түрлі санаттағы және үздік 125 оқушы қатысты.
Мерекелік кеште Аяз ата мен Ақшақар балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ортақ тілектер айтылған сәтте жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Бұл көрініс кештің шырайын келтіріп, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында түрлі ертегі мен мультфильм кейіпкерлері бейнесіндегі аниматорлар өнер көрсетіп, ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның балалық шақтағы ең жарқын әрі ұмытылмас сәттерінің бірі екенін атап өтті.
-Жаңа жыл — жаңа үміт пен жаңа мүмкіндіктерге бастайтын мереке. Бүгінгі балалар — ертеңгі еліміздің болашағы. Сіздердің бақытты, білімді, тәрбиелі болып өсуге жағдай жасау — біздің міндетіміз, — деді аудан әкімі.
Шара соңында аудан басшысы балаларға мерекелік сыйлықтар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселесі қаралды

admin_mugalzhar

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

admin_mugalzhar

Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.