«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев Арал және Каспийдегі экологиялық проблемаларды атап өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде трансшекаралық суды пайдалану, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды. 

Президент су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беру қажет деп санайды.

– Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану – еліміз бен аймақтағы өзге де мемлекеттер үшін стратегиялық, тіпті өмірлік маңызы бар басымдық. Өзге елдерде де солай деп ойлаймын. Трансшекаралық суды пайдалану проблемасын, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық ахуалды уақыт оздырмай шешу мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажет. Біздің пікірімізше, өзара мәмілеге негізделген бірлескен әрекеттер арқылы Халықаралық Аралды құтқару қорының тиімділігін арттыруға болады. Ресей Қор жұмысына байқаушы ретінде атсалысса, бұл іске септігін тигізер еді. Каспий теңізі қазіргідей тартыла берсе, бұл қауіпті құбылыстың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тіпті саяси салдары ауыр болуы мүмкін. Қазақстан Каспий экожүйесінің бұзылуы мен теңіздің тартылуының алдын алуға бағытталған арнайы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу туралы бастама көтерді. Барша әлемдік қоғамдастықты осы бірегей су айдынын сақтап қалу жолындағы күш-жігерімізді қолдауға шақырамыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Ұқсас ақпараттар

1 ҚАЗАННАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЖЫЛУ БЕРУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Енді несиесі бар отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылады

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ҚАЛА, АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ЛАУАЗЫМЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.