«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық құрылтай — қоғамның жаңа диалог алаңы…

Ұлттық құрылтай – Қазақстан қоғамы үшін жаңа диалог алаңы ретінде маңызды орын алады. Оның басты мақсаты – қоғамның түрлі топтарын біріктіріп, халықтың үнін тыңдау, олардың пікірлерін ескеріп, елдің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау. Бұл бастама Қазақстанның дамуына ықпал ететін әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Зерделеп көрсек, әр жыл өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің де ауқымы кеңейіп келеді. Осыған сәйкес ол жерде айтылған мәселелерге байланысты қабылданатын шешімдер мен берілетін тапсырмалар да өте маңызды.
Жалпы айтқанда, Ұлттық Құрылтай қазақтың тағдыршешті шешімдер алаңына айналды. Тіпті Ұлттық Құрылтайдың маңызы Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауынан кем түсіп тұрған жоқ. Осы алаңда еліміздің әр өңірінен келген азаматтар ойларын ортаға салып, бір шешімге келуді мақсат етеді.
Жұлдыз Ерланқызы, «Мұғалжар еріктілері» волонтерлік тобының жетекшісі.

Ұқсас ақпараттар

БАБАЛАР МҰРАСЫ — БАЛАЛАРҒА

admin_mugalzhar

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды

admin_mugalzhar

Банктерге қатысты ескірген заң жаңартылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.