Құрылтайдың жыл сайынғы жиынына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Мемлекет басшысы құрылтайдың бірлік пен ұлттық құндылықтарды нығайтудағы рөлі ерекше екенін айтып келеді.
Ұлттық құрылтай азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырып, билік шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде құрылтай ел тұрғындарының пікірі мен көзқарасы тоғысатын негізгі ұлттық диалог алаңына айналды. Бұл Президенттің жоспарына сәйкес мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтты. Еліміздің даму жолында нәтижелі де өзара тиімді ынтымақтастыққа септігін тигізуде.
Ұлттық құрылтай құрамына әр өңірден, әр түрлі сала өкілдері енген. Онда ғылым, білім, медицина, мәдениет, спорт саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құрал¬дары саласының өкілдері, еңбек және құқық қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ қоғам белсенділері мен жастар қозғалысының жетекшілері бар. Бұл қоғамның кең ау-қымды пікірі мен мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.
Олжас Сәрсенбай, белсенді жас.
