«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ортақ мақсат пен келелі істер

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Маңызды жиында Мемлекет басшысы ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап, білім мен ғылымды дамыту, цифрландыру, ұлттық руханиятты нығайту және жастарды қолдау мәселелеріне ерекше тоқталды.

Ұлттық құрылтайда рухани құндылықтар мен ұлттық бірегейлік мәселесі де кеңінен қозғалды. Мемлекет басшысы Абай ілімінің маңызын ерекше атап өтті.

«Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Қазіргі “Адал азамат” тұжырымдамасы ұлы ойшылдың “Толық адам” идеясымен тығыз астасып жатыр»- деді Президент.

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы елдің болашақ дамуына бағытталған нақты міндеттерді айқындап, қоғам үшін маңызды шешімдер қабылданған мазмұнды алаңға айналды.

Зайырбек Есенжолов, «Ізгі қала» волонтерлік тобының жетекшісі.

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ӨЗГЕШЕ СЕРПІН БЕРЕДІ

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНА КӘСІБІ — АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АСЫЛЫ

admin_mugalzhar

Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді

admin_mugalzhar